Блефарит
Анықтама: Блефарит – кірпіктер шетінің созылмалы түрде жүретін қабынуы [1,3].
Себептер
Этиология бойынша
-қарапайым
- Алдыңғы шеткі бірінші реттік (қабынулық), - екінші реттік (қабынусыз)
-қабыршақты - Артқы шеткі бірінші реттік (қабынулық), - екінші реттік (қабынусыз) -жаралы
Белгілер
ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ХАТТАМАСЫ
Клиникалық жіктелуі [1,2,4,5,6].
Сатылары Локализациясы бойынша
Пациентті одан әрі жүргізу: қабақты антисептикалық ерітінділермен дұрыс және үнемі өңдеуге, жағымды жағуға, тамшыларды тамызуға, қабақты массаждауға үйретеді. Үнемі емдеу кезінде болжам қолайлы, алайда ауру ағымы – созылмалы, жиі рецидивтермен. Профилактика: профилактикалық шаралар қабақ шеттерінің гигиенасын, көздің алдыңғы бөлігінің инфекциясының дамуын болдырмауды, жалпы иммунитетті арттыруды қамтиды. 3.5 Емдеу тиімділігінің индикаторлары: симптомдардың жоғалуы: қабақ шеттерінің қызаруы мен ісінуі, қышуы, күйіп-жануы, бөгде дене сезімі, көз жасы ағуы, кірпік түбіндегі қабыршақтар мен іріңді қабықшалар, конъюнктивалық қуыстан бөлінділер. қабақтың қабынулы өзгерістерін тоқтату. көру қызметтерінің жоғарылауы
ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: 6.1 Біліктілік деректері көрсетілген хаттама әзірлеушілердің тізімі: 1. Дошақанова Асель Байдәулетқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары біліктілік санатының офтальмолог дәрігері, "Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты" АҚ дипломнан кейінгі білім беру бөлімінің аға оқытушысы. 2. Муравьева Любовь Анатольевна – жоғары біліктілік санатының офтальмолог дәрігері, "Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты" АҚ консультативті-оңалту бөлімшесінің меңгерушісі. 3. Ажиғалиева Майра Нариманқызы- медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары біліктілік санатының офтальмолог дәрігері, "Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты" АҚ консультативті-оңалту бөлімшесінің дәрігері. 4. Досжанова Бақыт Сағатқызы- жоғары біліктілік санатының офтальмолог дәрігері, Жамбыл облысының бас штаттан тыс офтальмологы, Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының директорының орынбасары. 6.2 Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ. 6.3 Рецензенттер: Өтелбаева Зәуреш Тұрсынқызы – медицина ғылымдарының докторы, «Ұлттық медицина университеті» АҚ офтальмология кафедрасының профессоры 6.4 Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: хаттаманы оның жарияланғаннан және қолданысқа енгізілген күнінен кейін 5 жылдан соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде қайта қарау. 6.5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1) В.И. Морозов, А.А.Яковлев, Көз аурулары фармакотерапиясы. 1989ж «Медицина» 237б. 2) «Шұғыл офтальмология» Ред. Е.А.Егоров 2004ж, «ГЭОТАР Медиа» 182б. 3) В.И.Морозов, А.А.Яковлев «Көз аурулары фармакотерапиясы», 2004ж «Медицина» 543б. 4) Г.И. Должич, Р.Р. Должич Офтальмология 2008ж, «Феникс» 286б. 5) Л.К. Мошетова, А.П. Нестеров, Е.А.Егоров «Клиникалық ұсынымдар» Офтальмология 2006ж. «ГЭОТАР - Медиа» 238б. 6) Джек Дж.Кански, Брэд Боулинг Атлас анықтамалық. Офтальмология 2009ж, «Мед. әдеб.» 177б. 7) Ю.С. Астахов, Г.В. Ангелопуло, О.А. Джалиашвили анықтамалық құрал, Көз аурулары 2001ж, «Спец. әдеб»240б. 8) Smith R.E. Flowers C.W Chronic blepharitis a review, 1995 – vol 21, №3 – p 200207.
Ұсыныстар
Бекітілді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссиясымен 2019 жылғы «28» ақпанда
Хаттама №55
БЛЕФАРИТ
КІРІСПЕ БӨЛІМ
ХСЖ-10 коды(тары):
ХСЖ-10
Код Атауы
Н01
Қабақтың басқа қабынулары
Н01.0
Блефарит
H 01.1
Қабақтың жұқпалы емес дерматоздары
H 01.8
Қабақтың басқа нақтыланған қабынулары
H 01.9
Қабақтың нақтыланбаған қабынуы
Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2014 жыл (2018 ж. қайта қаралды)
Хаттамада қолданылатын қысқартулар: БП – бактериялық себу ЖТД – жалпы тәжірибе дәрігері АСЖ – асқазан-ішек жолы ҚД – қант диабеті КСС – күлгін сәулелік сәулелендіру
Хаттаманы пайдаланушылар: офтальмологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері.
Пациенттер санаты: ересектер және балалар.
Дәлелділік деңгейінің шкаласы: А Жоғары сапалы мета-талдау, жүйелі шолу РКЗС немесе өте төмен ықтималдылығы бар (++) ірі РКЗС жүйелі қатенің нәтижелері тиісті популяцияға таратылуы мүмкін.
В Жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерінің жүйелі шолуы немесе жүйелі қате қаупі өте төмен жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелі қате қаупі жоғары емес (+) РКЗС, нәтижелері тиісті популяцияға таратылуы мүмкін.
С Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелі қате қаупі жоғары емес (+) рандомизациясыз бақыланатын зерттеу.
Нәтижелері тиісті популяцияға таратылуы мүмкін немесе жүйелі қате қаупі өте төмен немесе жоғары емес (++ немесе +) РКЗС, нәтижелері тікелей тиісті популяцияға таратылмайды.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу немесе сарапшылардың пікірі.
Жіктелуі
ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ РӘСІМДЕРІ:
Шағымдары:
әртүрлі дәрежедегі қышыну, қабақ шетінің қызаруы; күю, қабақтардың ісінуі; кірпік түбіндегі қабыршақтар;
конъюнктивалық қуыстан бөлініс; бөгде дене сезімі және көз жасы ағуы.
Анамнезі:
қант диабеті және басқа эндокриндік патологияның болуы; атопиялық, себорейлік дерматиттің, акнерозацеаның, экземаның, демодекоздың болуы; АСЖ-ның қатысты патологиясының болуы; көз алмасының созылмалы рецидивті қабыну процестері түзетілмеген немесе дұрыс түзетілмеген аметропия Физикалық тексерулер: қабақ шеттерінің терісі ісінген, гиперемияланған, кірпік түбінде қабыршақтардың, іріңді қабықшалардың болуы мүмкін, көбікті секрет және конъюнктиваның ісінуі. Зертханалық тексерулер: конъюнктивалық қуыстан бөліністі микрофлораға антибиотиктерге сезімталдықты анықтаумен бактериологиялық зерттеу, кірпіктерді демодекозға микроскопиялау.
Аспаптық зерттеулер:
Визометрия:
көру өткірлігінің төмендеуі Биомикроскопия:
көз жасы қабығын бағалау қабақтардың маргиналды шетінің қалыңдауы және гиперемиясы қабыршақты блефаритте кірпік түбінде қабыршақтардың болуы және жаралы блефаритте – қабықшалардың болуы кірпіктердің түсуі, дұрыс емес өсуі конъюнктиваның ісінуі және гиперемиясы мүйізшаның эпителий ақауы
Рефрактометрия – кейінгі түзету үшін аметропия түрін анықтау.
Мамандардың консультациясына көрсетілімдер: -эндокринолог – қант диабеті және басқа эндокриндік патология болған кезде, - гастроэнтеролог- АСЖ аурулары кезінде, - дерматолог- тері аурулары кезінде. 2.1 Диагностикалық алгоритм:
Блефаритті диагностикалау
Қабынуға қарсы, медикаментозды,
Дифференциалды диагностика
Медикаментозды қабынуға қарсы, симптоматикалық терапия 2.2 Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулерді негіздеу: Диагноз Қабақтың карциномасы
Диф. диагностика үшін негіздеме Тексерулер
жүргізіліп жатқан қабақтың цитологиялық1.
емге төзімділік зерттеуі 2.
ұзақ уақыт
бойы болған біржақты блефариттің болуы Диагнозды алып тастау критерийлері 1.Процесс екіжақты 2. Цитологиялық зерттеудің теріс нәтижесі.
АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ:
Медикаментозды емес емдеу:
Режим: III;
Медикаментозды терапия:
қабақ шеттерін 1% спирттік жасыл бриллиант ерітіндісімен өңдеу.
конъюнктивалық қуысқа антибиотиктердің ерітінділерінің бірін тамызу
(0,25% хлорамфеникол ерітіндісі күніне 3 рет 1 тамшыдан, 0,3% тобрамицин күніне 3 рет 1 тамшыдан, 0,3% гентамицин ерітіндісі күніне 3 рет 1 тамшыдан,
ципрофлоксацин 0,3% ерітіндісі күніне 3 рет 1 тамшыдан, левофлоксацин 0,5% ерітіндісі күніне 3 рет 1 тамшыдан, офлоксацин күніне 3 рет 1 тамшыдан).
қабақ шеттерін антисептикалық заттары бар жақпалармен өңдеу (2% көз жақпасы биброкатолмен), кортикостероидтар, антибиотиктер және олардың комбинациясы (0,5%, 1% гидрокортизонды көз жақпасы, 1% эритромициндік көз жақпасы, тетрациклиндік көз жақпасы, тобрамицин көз жақпасы, офлоксацин көз жақпасы, дексаметазон+ тобрамицин көз жақпасы,
дексаметазон+неомицин+полимиксин көз жақпасы – қабақ шеттерін жағу және төменгі қабақ артына күніне 2 рет салу). метронидазол тб 10 күн бойы күніне 2 рет 0,25г. [5, 6-бет] Ескерту: Кортикостероидтар демодекоз кезінде қолданылмайды, өйткені олар жергілікті иммунитетті төмендетеді және кенелердің санын арттырады. Кератит дамыған кезде – кортикостероидтар қарсы көрсетілген.
Негізгі дәрілік заттардың тізімі (қолдану ықтималдығы 100% бар) Дәрілік топ Халықаралық Қолдану тәсілі Дәлелділік патенттелмеген атауы деңгейі Антисептикалық препарат Антисептикалық препарат 1% спирттік жасыл бриллиант ерітіндісі 2% көз жақпасы Қабақ шеттерін өңдеу Қабақ шеттерін өңдеу
ДД – D ДД – D
биброкатол Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Хлорамфеникол 0,25% ерітінді көз тамшылары Конъюнктивалық қуысқа инстилляция
ДД – C
Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Гентамицин 0,3% ерітінді көз тамшылары Конъюнктивалық қуысқа инстилляция
Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Тобрамицин 0,3% ерітінді көз тамшылары Конъюнктивалық қуысқа инстилляциялау
Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Ципрофлоксацин 0,3% ерітінді көз тамшылары Конъюнктивалық қуысқа инстилляциялау
Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Левофлоксацин 0,5% ерітінді көз тамшылары Конъюнктивалық қуысқа инстилляциялау
Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Офлоксацин көз тамшылары Конъюнктивалық қуысқа инстилляциялау Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикостероидтер Гидрокортизон көз майы, 0,5%, 1% Қабақ жиектерін жағу
Ескерту: Аталған микробқа қарсы препараттар созылмалы конъюнктивиттер салдарынан дамыған немесе олармен қатар жүретін блефариттерде қолданылуы мүмкін.
Қосымша дәрілік заттардың тізімі (қолдану ықтималдығы 100% төмен) Дәрілік топ Дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы Қолдану тәсілі Дәлелділік деңгейі Жергілікті қолдануға арналған комбинирленген препараттар дексаметазон+ тобрамицин көз майы Қабақ жиектерін жағу ДД – C Жергілікті қолдануға арналған комбинирленген препараттар дексаметазон+неомицин+полимиксин көз майы Қабақ жиектерін жағу ДД – C Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Эритромицин 1% көз майы Қабақ жиектерін жағу ДД – C Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Тетрациклин 1% көз майы Қабақ жиектерін жағу ДД – C Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Тобрамицин көз майы Қабақ жиектерін жағу ДД – C Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препарат Офлоксацин көз майы Қабақ жиектерін жағу ДД – C Микробқа қарсы препарат метронидазол Per os
Хирургиялық араласу: жоқ.
Дәрігерге қашан бару керек
Диета: № 1, 5, 9 үстелдер - көрсетілімдер бойынша.
Ылғалды компресстер Аметропияны түзету Емдеудің басқа түрлері:
- мейбомий бездерінің дисфункциясы кезінде қабақтарды массаждау;
- физиотерапия (УЖЧ терапиясы, магниттерапия, антибиотиктер мен дәрумендердің ерітінділерімен электрофорез, УК сәулелендіру, дарсонвализация);
- трихиаз кезінде шаш түйнектерінің электролизі (диатермокоагуляция).
ГОСПИТАЛИЗАЦИЯ ТҮРІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ГОСПИТАЛИЗАЦИЯҒА КӨРСЕТІЛІМДЕР: жоқ. 5. СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: жоқ.
Ақпарат тек таныстыру мақсатында берілген және офтальмолог кеңесін алмастырмайды.