Көз аурулары
Жиі кездесетін көз аурулары, белгілері және дәрігерге қашан бару керектігі туралы біліңіз.
Іріңді эндофтальмит
## Анықтама: Іріңді эндофтальмит – шыны тәрізді денеде абсцесс түзілуімен көздің ішкі қабықтарының жедел қабынуы [1,2]. 9.Клиникалық жіктелуі [4,5]: Шығу тегі бойынша: экзогенді эндогенді Этиологиясы бойынша: травматикалық саңырауқұлақты операциядан кейінгі факоанафилактикалық эндофтальмит іріңді Нысаны бойынша: ошақты 2 диффузды аралас панофтальмит 10. Госпитализация түрін көрсете отырып, госпитализацияға көрсетілімдер: Жедел госпитализацияға көрсетілімдер: көзде күшті ауырсыну; көру өткірлігінің күрт төмендеуі; қабақтардың, мүйізшаның ісінуі; конъюнктиваның аралас инъекциясы; алдыңғы камерада преципитаттар, гипопион; көз түбінен рефлекстің болмауы, шыны тәрізді денеде жасушалар мен детрит. Жоспарлы госпитализацияға көрсетілімдер: жоқ.
ТолығырақБалалардағы қиғаш көз
## Анықтама: Қасаю – екі көздің бірлескен бекіту нүктесінен бір көздің тұрақты немесе мерзімді ауытқуы, бинокулярлық көрудің бұзылуымен сипатталады. Қасаю сыртқы ақаумен – көздің/көздердің мұрынға немесе шекеге, жоғары немесе төмен ауытқуымен көрінеді [2,8]. 9.Клиникалық жіктелуі[2,8]: Пайда болу мерзімі бойынша: туа біткен (инфантильді - туғаннан бастап бар немесе өмірінің алғашқы 6 айында дамиды); жүре пайда болған. Көздің ауытқу тұрақтылығы белгісі бойынша: тұрақсыз (интермиттирлеуші); тұрақты. Көздердің қатысуы бойынша: монолатералды; альтернирлеуші. Девиация бағыты бойынша: көлденең (эзотропия, экзотропия); тік (гипертропия, гипотропия; торсиялық; аралас. Пайда болу себептері: содружественді (аккомодациялық, ішінара-аккомодациялық, аккомодациялық емес); содружественді емес (паралитикалық, паралитикалық емес); екіншілік (сенсорлық, кері). Эзотропия: Содружественді эзотропия 1) Аккомодациялық Рефракциялық (норм. АК/А) Рефракциялық емес (жоғары АК/А) Аралас (Ішінара рефракциялық (норм. АК/A)) 2) Аккомодациялық емес Эссенциалды инфантильді эзотропия (өмірінің алғашқы 6 айында басталады) Негізгі (қарапайым, базалық) эзотропия Күшейтілген конвергенциямен байланысты эзотропия Әлсіреген дивергенциямен байланысты эзотропия Миопиямен үйлескен эзотропия Циклді эзотропия Жедел басталатын эзотропия 3) Микроэзотропия 4) Нистагманы блоктау синдромы Содружественді емес эзотропия 1) Паралитикалық 2) Паралитикалық емес А және V – паттерндерімен Ретракциялық синдромдар Механикалық-рестриктивті (ЭОБ туа біткен фиброзы, жарақат, миопатия және т.б. нәтижесінде жүре пайда болған рестрикциялар) Екіншілік эзотропия Сенсорлық Кері Экзотропия: Содружественді экзотропия (тұрақты немесе интермиттирлеуші сипатта болуы мүмкін): 1) Инфантильді (туа біткен) экзотропия 2) Бірінші реттік экзотропия Дивергенция эксцесі (алысқа девиация жақынға қарағанда 7° және одан көп) Негізгі (базалық) экзотропия (алысқа және жақынға девиация бірдей) Конвергенция жеткіліксіздігі (алысқа девиация жақынға қарағанда 7°және одан аз) Псевдо дивергенция эксцесі 3) Екіншілік экзотропия: Сенсорлық Кері Содружественді емес экзотропия 1) Паралитикалық. 2) Паралитикалық емес (диссоциацияланған - оқшауланған немесе ДВД-мен, эксциклотропия; басқа). ЦИКЛОВЕРТИКАЛДЫ ДЕВИАЦИЯЛАР: Содружественді тік девиациялар Паретикалық тік девиациялар Төменгі қиғаш бұлшықеттің бір жақты гиперфункциясы бар девиациялар ДВД Комбинацияланған тік девиациялар ҚАСАЮДЫҢ АРНАЙЫ ТҮРЛЕРІ: Дуэйн синдромы Браун синдромы Ілінісу синдромы Фиксацияланған қасаю Жоғары дәрежелі миопиядағы қасаю ЭОБ фиброзы Эндокриндік офтальмопатия Жедел орбиталық миозит Циклді гетеротропия Жүре пайда болған моторлық фузия тапшылығы Орбита қабырғаларының зақымдануы Көз миастениясы Созылмалы прогрессирлеуші сыртқы офтальмоплегия ## Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі: 11.1 Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық іс-шаралар [3,4,5]: ауру мен өмір анамнезін жинау; (ДД - С)[2,8,9,10]; көз айнегімен түзетусіз және түзетумен көру өткірлігін анықтау (ДД - A)[2,8,9,10]; көз айнегімен түзетусіз және түзетумен, алысқа және жақынға қасаю бұрышының шамасын анықтау (жабу сынамасы, жабу-ашу сынамасы, призмалық линзалар жинағы көмегімен орнату қозғалыстарын компенсациялау, Гиршберг бойынша девиация бұрышын өлшеу (°) немесе призмалық диоптрияларда (∆)) тура, оңға, солға, жоғары, төмен, оңға жоғары, оңға төмен, солға жоғары, солға төмен қарау жағдайларында (ДД - A)[2,8,9.10]; көз алмаларының қозғалғыштығы мен қозғалыс көлемін анықтау (ДД - B)[2,8,9]; конвергенцияны зерттеу (ДД - С)[2,8]; биомикроскопия (ДД - С)[2,8,9,10]; офтальмоскопия (тура, кері) (ДД - С)[2,8,9,10]; циклоплегия жағдайында объективті рефракцияны анықтау (скиаскопия немесе ретиноскопия) (ДД - A)[2,8,9.10]. ## Аспаптық зерттеулер: көз айнегімен түзетусіз және түзетумен көру өткірлігін анықтау – көру өткірлігі төмендеуі мүмкін/жас нормасы шегінде (ДД - А)[2,8,9,10]; микротропияда (монофиксация синдромы) бір (қасайған) көздің көру өткірлігінің тұрақты төмендеуі байқалады. Амблиопия болған жағдайда бір немесе екі көздің түрлі дәрежедегі ең жақсы түзетілген көру өткірлігінің төмендеуі орын алады. көз айнегімен түзетусіз және түзетумен, алысқа және жақынға қасаю бұрышының шамасын анықтау (жабу сынамасы, жабу-ашу сынамасы, призмалық линзалар жинағы көмегімен орнату қозғалыстарын компенсациялау, Гиршберг бойынша девиация бұрышын өлшеу (°) немесе призмалық диоптрияларда (∆)) тура, оңға, солға, жоғары, төмен, оңға жоғары, оңға төмен, солға жоғары, солға төмен қарау жағдайларында – қасаю сипатына байланысты көздің жалпы бекіту нүктесінен тұрақты немесе тұрақсыз ауытқуы бар (ДД - A)[2,8,9]; аккомодациялық қасаюда девиация бұрышы адекватты көз айнегімен түзетумен компенсацияланады (көздердің жағдайы симметриялы). циклоплегия жағдайында объективті рефракцияны анықтау (скиаскопия немесе ретиноскопия) – рефракция аномалиясының (миопия, гиперметропия, астигматизм) болуы немесе болмауы (ДД - B)[2,8,9.10]; көру сипатын анықтау – бинокулярлық көрудің бұзылуы (ДД В)[2,8,9]; Басты мәжбүрлі қалпында көрудің бинокулярлық сипаты сақталады. тракциялық тест – оң нәтиже көздің пассивті қозғалыстарының қиындағанын білдіреді, механикалық рестриктивті қасаю бар екенін көрсетеді (ДД - B)[2,4,8]; Жергілікті анестезия жүргізілгеннен кейін көз лимб маңындағы конъюнктивадан екі пинцетпен бекітіліп, болжамды механикалық шектеудің қарама-қарсы жағына бұрылады. Тракциялық тест қасаю себебін дифференциалды диагностикалау үшін қажет: ЭОБ-ның салдануы (парезі) немесе оның антагонистінің механикалық рестриктивті жағдайы (миозит, ЭОБ-ның контрактурасы, конъюнктива немесе тенон капсуласының контрактурасы және т.б.). Көзге қысым көрсетпеу маңызды. Бильшовский бойынша басты еңкейту тесті - блоктық жүйкемен иннервацияланатын көздің жоғарғы қиғаш бұлшықетінің парезіне тән белгі, науқас басын сау иықтың жағына, алға және төмен қарай еңкейтіп ұстауға тырысады, егер басты паретикалық иықтың жағына және артқа қарай еңкейтуді сұрасақ, онда қасаю айрықша байқалады, ал қосарлану – айқын болады (ДД - B)[2,4,8]; Паркстың үш кезеңді тесті – блоктық жүйке зақымдануларында диагностикалық мәнге ие (ДД - B)[2,4,8]; Бірінші – бастапқы қалыпта қай көз гипертропиялы екенін бағалау. Екінші – оңға немесе солға қарағанда гипертропия қайда көбірек екенін анықтау. Үшінші - Бильшовский бойынша басты еңкейту тесті - паретикалық бұлшықетті бөліп көрсету.
ТолығырақБелсенді мерзімінен бұрын туған нәрестелердің ретинопатиясы
## Биомикроскопия, офтальмоскопия, ДНК диагностикасы (анықтау Анамнезінде мерзімінен бұрын туылғандығы туралы мәліметтер; Әрқашан екіжақты зақымдану. Анамнезінде мерзімінен бұрын туылғандығы туралы мәліметтер; Әрқашан екіжақты зақымдану. Жоқтығы Шыны тәрізді денеге қан құйылулар Метастатикалық эндофтальмит Бастапқы тұрақты гиперпластикалық айқын увеиттің салдары, жылдам дамитын катаракта. Аурудың, әдетте, әрқашан көз алмаларының атрофиясымен аяқталады. Балалардың көпшілігіне ақыл-ой кемістігі (60%) және саңырауқұлақтық (30%) тән. Көз түбіндегі қан құйылулар, әдетте, мерзімінде туылған, үлкен салмақты, жаңа туған нәрестелерде, туылғаннан кейін бірден пайда болады және ауыр босану жарақатының нәтижесі болып табылады. КДН жағынан өзгерістер сипаттамалық перифериялық көріністерден оқшауланған жағдайда, қатемен бас ішілік гипертензияның және ОЖЖ-нің әртүрлі патологиялық жағдайларының көріністері ретінде бағалануы мүмкін, тосқауылдың дамуымен
ТолығырақБлефарит
## Анықтама: Блефарит – кірпіктер шетінің созылмалы түрде жүретін қабынуы [1,3].
ТолығырақДакриоаденит, көз жасы безінің басқа аурулары, эпифора
## Анықтама: Дакриоаденит – жас безінің қабынуы [1]. Көздің құрғақ синдромы – көздің құрғақтығынан туындайтын көз ауруы болып табылады, ол өз кезегінде жастың төмендеген өндірілуінен немесе жастың жоғарылаған буланудан туындайды [2]. Эпифора – қалыпты шектен шығатын жас тұрақтылығы және мол жас ағуы, онда жас бет аймағы бойымен ағуы мүмкін [3].
ТолығырақДиабеттік ретинопатия
## Анықтама: Диабеттік ретинопатия (ДР) - ҚД-ның спецификалық кеш нейромикроқантамырлық асқынуы, әдетте ретинальды қантамырлардың жоғарылаған өткізгіштігі және оклюзиясымен байланысты өзгерістерден жаңа пайда болған қантамырлар мен фиброглиальды тіннің пайда болуына дейін дәйекті түрде дамып, терминалды сатыда толық соқырлыққа әкеледі [1-3]. Диабеттік макулопатия (ДМ) – ДР-ның кез келген сатысында дамуы мүмкін макулярлы аймақтың зақымдануы. Диабеттік макулярлы ісіну (ДМО) – ішкі гематоретинальды бөгеттің бұзылуы және сұйықтықтың шығуы мен пигменттік эпителий жасушаларының оны реабсорбциялау қабілеті арасындағы сәйкессіздік салдарынан нейроэпителийдің жасушааралық кеңістігінде сұйықтықтың жиналуымен байланысты торлы қабықтың қалыңдауы.
ТолығырақКатаракта
## Анықтама [1-5]: Катаракта – бұл көзқарашықтың капсуласының немесе заттарының кез келген туа біткен немесе жүре пайда болған бұлыңғырлануы, олардың нәтижесі мөлдірлігінің және сыну көрсеткіштерінің өзгеруі болып табылады, бұл көрудің әртүрлі дәрежедегі бұзылуына әкеледі.
ТолығырақКератит
## Анықтама: кератит – экзогендік (алдын ала жарақаттану, жергілікті жұқпалану) немесе эндогендік факторлардың (жалпы жұқпалы, жүйелік аурулар) әсерінен көз алмасының мүйізді қабығының қабынуы. Мүйізді қабық синдромымен қатар жүреді [1, 2].
ТолығырақКөз алмасының дегенеративті жағдайлары
## Анықтама [1-7]: Көз алмасының дегенеративті жағдайлары – дегенерация процесінің нәтижесінде пайда болатын және ақырында толық соқырлыққа әкелетін жағдайлар. 8.Жіктелуі[1,2]: I сатысы – бастапқы өзгерістер сатысы; көздің алдыңғы-артқы осі 23-тен 18 мм-ге дейін, мүйізқабықтың және склераның тыртықты өзгерістері, мүйізқабықтың дистрофиясы, травматикалық катаракта (ісінетін, пленкалық), шыны тәрізді дененің жүзіп жүретін және жекелеген фиксацияланған бұлыңғырлануы, торлы қабықтың жалпақ шектелген қабаттануы. 2 II сатысы – дамыған өзгерістер сатысы; көз осі 20-17 мм, мүйізқабықтың өрескел васкуляризацияланған тыртықтары, оның диаметрінің кішіреюі, склераның өрескел тартылған тыртықтары, қарашықтың атрофиясы және васкуляризациясы, көз қарашығының окклюзиясы, жаңадан пайда болған тамырлары бар тығыз тіндік пленкалар түріндегі катаракта, шыны тәрізді дененің көптеген фиксацияланған бұлыңғырлануы, торлы қабықтың және сілиарлық дененің таралған қабаттануы. III сатысы – алыс кеткен өзгерістер; көз осі 17-15 мм және одан аз, мүйізқабықтың кішіреюі, жалпақтануы және оның тыртықты өзгеруі, қарашықтың рубеозы және атрофиясы, көзінің линзасы аймағындағы берік тіндік пленкалық жаңа түзілімдер, алдыңғы камераға және шыны тәрізді денеге кеңейе отырып, шыны тәрізді денедегі фиброз және шварт түзілуі, торлы қабықтың тотальды қабаттануы.
ТолығырақКөз қуысының қатерлі ісіктері
## Анықтама: Көз қуысының қатерлі ісіктері - орбитаның қатерлі зақымдалуы. NB! Хаттамада орбитаның метастатикалық ісіктері қарастырылмайды. Орбитаның қатерлі ісіктері оның барлық ісіктерінің шамамен 1/3 бөлігін құрайды. Олар бірінші реттік, екінші реттік (көрші анатомиялық құрылымдардан, жиі мұрын қосымша қуыстарынан орбитаға өсіп кіретін) және метастатикалық болуы мүмкін. Орбитаның бірінші реттік қатерлі ісіктерінен жас безінің қатерлі ісігі, саркомалар және лимфомалар жиі кездеседі [9,21] (ДД А). Орбитаның анатомиялық бөліктері – көз алмасы және оның көмекші мүшелері: бұлшықеттер, байламдар және фасциялар; көз қуысының надкостницасы; май шілері; қабақтар, конъюнктива; жас аппараты (жас безі, түтікшелер, қалтасы).
ТолығырақКөздің басқа аурулары салдарынан туындаған екінші реттік глаукома
## Анықтама: Екінші реттік глаукома – көздің әртүрлі аурулары (жарақат, ісіктер, көз алмасының қабынуы) немесе әртүрлі дәрілік заттардың әсерінен туындайтын, көзішілік қысымның жоғарылауымен сипатталатын асқынулар немесе салдарлар болып табылатын аурулар тобы. Екінші реттік глаукома үшін этиологиялық факторлардың үлкен алуан түрлілігі тән,
ТолығырақКөру жүйкесінің атрофиясы
## Анықтама: Көру жүйкесінің атрофиясы – торлы қабықтан бастап латералды тізе денесіне дейін орналасқан патологиялық өзгерістер нәтижесінде пайда болатын көру жүйкесінің дегенеративті процесі [1,2].
ТолығырақРефракция аномалиялары
## Анықтама [1]: Миопия (жақыннан көру) – аккомодация тыныштық күйінде оптикалық оське параллель жарық сәулелерінің шексіз алыс орналасқан заттардан шыққан фокустық нүктесі торлы қабықтың алдында орналасатын рефракция бұзылысы. Гиперметропия (алыстан көру) – аккомодация тыныштық күйінде оптикалық оське параллель жарық сәулелерінің шексіз алыс орналасқан заттан шыққан фокустық нүктесі торлы қабықтың артында орналасатын рефракция бұзылысы. Астигматизм – оптикалық оське параллель жарық сәулелері бір нүктеде фокусталмайтын рефракция бұзылысы. Анизометропия – көздер арасындағы сыну күшінің айырмасы 1,00 D асатын жағдай.
ТолығырақӨлімнен кейінгі донордан көз алмасын алу және консервациялау
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтер сапасы жөніндегі Біріккен комиссиясымен 2024 жылғы «26» қыркүйекте №215 хаттамамен бекітілген
Толығырақ