Өлімнен кейінгі донордан көз алмасын алу және консервациялау
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
медициналық қызметтер сапасы жөніндегі Біріккен комиссиясымен
2024 жылғы «26» қыркүйекте
№215 хаттамамен бекітілген
Белгілер
МЕДИЦИНАЛЫҚ АРАЛАСУДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ХАТТАМАСЫ
4) Клиникалық хаттаманы пайдаланушылар:
патологоанатомдар, трансплантологтар, офтальмологтар, дәрігерлер.
5) Пациенттер санаты: ересектер.
6) Дәлелділік деңгейінің шкаласы:
А Жоғары сапалы мета-талдау, жүйелі шолу РКИ немесе өте төмен ықтималдығы бар ірі РКИ (++) жүйелі қате нәтижелері тиісті популяцияға таратылуы мүмкін
В Жоғары сапалы (++) когорттық немесе жағдай-бақылау зерттеулерінің жүйелі шолуы немесе жүйелі қате қаупі өте төмен жоғары сапалы (++) когорттық немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелі қате қаупі жоғары емес (+) РКИ, нәтижелері тиісті популяцияға таратылуы мүмкін
С Когорттық немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелі қате қаупі жоғары емес рандомизациясыз бақыланатын зерттеу (+). Нәтижелері тиісті популяцияға таратылуы мүмкін немесе жүйелі қате қаупі өте төмен немесе жоғары емес (++ немесе +) РКИ, нәтижелері тиісті популяцияға тікелей таратылмайды.
D Жағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу, немесе сарапшылардың пікірі.
7) Анықтама: [1] Өлімнен кейінгі донордан көз алмасын алу – бұл одан әрі консервациялауға, тасымалдауға және реципиентке трансплантациялауға жарамды көз алмасының мүйізқабығының функционалды толыққанды трансплантатын алудың медициналық процедурасы.
8) Клиникалық жіктеме: жоқ. 2. Медициналық араласуды жүргізудің әдістері мен тәсілдері: 1) Медициналық араласуды жүргізудің мақсаты: трансплантациялық офтальмохирургия үшін өлімнен кейінгі донордан көз алмасын алу.
2) Медициналық араласуға көрсетілімдер: ми өлімі (көз алмасының реципиенті болған жағдайда); биологиялық өлім (көз алмасының реципиенті болған жағдайда).
3) Медициналық араласуға қарсы көрсетілімдер: өлімнен кейінгі органдық донорлықтан құжатталған бас тартудың болуы; 18 жастан кіші және 62 жастан асқан жас; жедел жұқпалы және контагиозды аурулар; бақыланбайтын бактериялық сепсис; ИФА маркерінің АИТВ-ға оң нәтижесі (anti-HIV, HIVAg, RNA-HIV); В вирусты гепатитінің маркерлеріне (HBsAg, DNA-HBV) немесе С (anti-HCV, RNA-HCV, HCVAg) оң ИФА; ашық трепонеманы анықтауға оң ИФА нәтижесі; метастазы бар кез келген қатерлі ісік (бас миының оқшауланған ісігін, сондай-ақ емделген жағдайларды және соңғы екі жыл ішінде рецидивтің болмауын қоспағанда); көміртегі тотығынан улануынан өлім және карбоксигемоглобин деңгейі 20%-дан жоғары; көздің белгіленген ошақты және/немесе диффузды ауруларының болуы; суға батып кету; көру мүшелерінің (мүше бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) зақымдануы; мүйізқабықтың оптикалық аймағында қандай да бір бұлыңғырлықтардың болуы; посттравматикалық тыртықтардың болуы; радиалды/тангенциалды кератотомиядан кейін кератотомиялық тыртықтардың болуы; жабысқақ өзгерістердің (иридокорнеалды жабысулардың) болуы.
4) Медициналық араласуды жүргізу үшін қажетті негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралар: Негізгі диагностикалық іс-шаралар: ИФА/ИХЛА әдісімен В (HBsAg) және С (anti-HCV) гепатиттерінің маркерлерін анықтау; АИТВ-ға ИФА/ИХЛА; сифилиске микрореакция; көз алмаларын визуалды бағалау.
Қосымша диагностикалық іс-шаралар: офтальмоскоп және/немесе қол биомикроскопының көмегімен мүйізқабықтың жағдайын бағалау.
5) Медициналық араласуды жүргізуге қойылатын талаптар мен шарттар: Қауіпсіздік шараларын, санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтау талабы: 1) Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі; 2) «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне сәйкес қауіпсіздік шаралары және эпидемияға қарсы режим, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген; 3) «Донордан реципиентке органдарды (органның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, трансплантациялау ережелері мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығы; 4) «Патологиялық анатомия және сот-медициналық сараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантациялау мақсатында мәйіттерден көру мүшелерін алу және консервациялау ережелерін бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-307/2020 бұйрығы.
Жабдықтауға қойылатын талаптар: Техникалық жабдықтау: стандартты секциялық жабдық және аспаптар;
векоашқыш; қисық қайшы; көзқарақтық үшін ілгек; пинцет; ине ұстағыш тұтас ұшты қайшы; көз микрохирургиялық пинцеттері; офтальмомикрохирургиялық пышақтар; флашинг жүйесі (мүшелерді жуу); мүшені тасымалдауға арналған контейнер; орбиталық имплантат; офтальмоскоп; қолмен жұмыс істейтін биомикроскоп.
Шығыс материалдарына қойылатын талаптар: антисептик: повидон-йодталған 0,5% ерітінді; мұздатылған стерильді физиологиялық ерітінді («мұз»); стерильді физиологиялық ерітінді; монофиламентті тігін материалдары; мүшені перфузиялауға және консервациялауға арналған ерітінділер; этил спирті 70%; офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған фторхинолондар тобының антимикробты препараты (кең спектрлі антибиотиктер) – 0,5% левофлоксацин ерітіндісі немесе моксифлоксацин 0.5%, немесе ципрофлоксацин 0.3%, немесе офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған аминогликозидтер: тобрамицин 0,3%; адреналин 0.18% ерітінді; қақпағы бар стерильді контейнер 50-100 мл; консервациялаушы орта; медициналық мақсаттағы бұйымдар.
Донорды дайындауға қойылатын талап: Донорлық қасаң қабықтардың, склераның және іргелес тіндердің трансплантаттарының стерильділігін қамтамасыз ету мақсатында
аутопсия кезеңінде-ақ, трансплантацияға қажетті көз алмасының жекелеген тіндік фрагменттерін (қасаң қабық, склера және т.б.) бөліп алмай, өлімнен кейінгі донордан бүкіл көз алмасының аутопсиясын жүргізу және кейіннен офтальмологиялық орталықтың немесе қасаң қабық банкінің стерильді жағдайында тіндік препаровка жасау ұсынылады.
Өлімнен кейінгі донордан энуклеация бас миының өлімі және донордың биологиялық өлімі тіркелген сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Процедураны/ араласуды жүргізу әдістемесі: 1 кезең - санация: Асептика және антисептика ережелерін сақтай отырып, дәрігердің қолдары
стерильді қолғапқа киілуі тиіс, аспаптар таза болуы керек. Конъюнктивалық қуыс антисептик ерітіндісімен ағынды жуумен және кең спектрлі антибиотикті инстилляциялаумен санацияланады. Қабақтар блефаростатпен мобилизацияланады.
КЛИНИКАЛЫҚ ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: 3.1 Біліктілік деректері көрсетілген әзірлеушілер тізімі: 1) Манекенова Кенжекыз Боранбаевна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» КЕАҚ патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі. 2) Хасанов Руфат Миршатович – «Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ ҚМК «Қалалық патологоанатомиялық бюро» медициналық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары. 3) Лясова Алла Анатольевна – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ ҚМК «Патологоанатомиялық бюро» директоры, «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ бас штаттан тыс патологоанатомы. 4) Ботабекова Турсунгуль Кобжасаровна – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс офтальмологы. 5) Жильгельдина Назгуль Зашитовна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК директорының орынбасары 6) Бисенгалиева Гульжан Ораловна – «Трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК республикалық трансплантациялық координаторы 7) Купенов Сунгат Каратаевич – Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ ҚМК «№2 қалалық көпсалалы ауруханасы» көз микрохирургиясы орталығының меңгерушісі. «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ бас штаттан тыс офтальмологы
2) Мүдделер қақтығысы: жоқ.
3) Рецензенттердің деректері: 1) Шаймарданова Галия Масугутовна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ патологоанатомиялық бөлімінің патологоанатом дәрігері. 2) Дәурехан Асатай Маметович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы дәрігерлік практика 2» кафедрасының меңгерушісі, патологоанатом дәрігер. 4) Бегімбаева Гүлнара Енбекқызы - медицина ғылымдарының докторы, Республикалық офтальмологтар қоғамының мүйіз қабық жөніндегі сараптамалық кеңесінің төрағасы, «Қазақстан-Ресей медицина университеті» ҚеАҚ офтальмология кафедрасының аға оқытушысы. 3) Құрманғалиева Мадина Маратовна – медицина ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК бас офтальмологы.
4) Клиникалық хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: дәлелдемелік деңгейі бар диагностика мен емдеудің жаңа әдістері болған кезде 5 жылда кемінде 1 рет және 3 жылда 1 реттен жиі емес қайта қарау.
5) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер: 1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ЗРК Кодексі. 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-156/2020 «Бас миының қайтымсыз өлімін тіркеу ережелерін және бас миының қайтымсыз өлімі кезінде мүшелердің қызметін қолдау жөніндегі жасанды шараларды тоқтату ережелерін бекіту туралы» бұйрығы. 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 «Донордан реципиентке мүшелерді (мүше бөлігін) және (немесе) тіндерді (тін бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, трансплантациялау ережелері мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы 4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-307/2020 «Патологиялық анатомия және сот-медициналық сараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантациялау мақсатында өлік денелерден көру мүшелерін алу және консервациялау ережелерін бекіту туралы» бұйрығы.
Негізгі әдебиет: 1. Артқы қабатты кератопластика/ құраст. Анисимова Н.С., Шилова Н.Ф., Поздеева Н.А., Малюгин Б.Э., Гаврилова Н.А., Анисимов С.И.: Оқу-әдістемелік құрал / МГМСУ. - М.: РИО МГМСУ, 2021. - 40 б.: сурет. 2. Балацкая Н.В. Посттравматикалық увеиті бар науқастардағы иммунологиялық мәртебе және оның диагностикалық маңыздылығы: оқу-әдіст. құрал / Н.В. Балацкая, И.А. Филатова, В.О. Денисюк / В.В. Нероев редакциясымен. – Мәскеу: Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гельмгольц атындағы «ҰҒКБ ҰҒМО» ФММУ, 2020. – 25 б.
Ұсыныстар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
медициналық қызметтер сапасы жөніндегі Біріккен комиссиясымен
2024 жылғы «26» қыркүйекте бекітілген
№215 хаттама
«ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ДОНОРДАН КӨЗ АЛМАСЫН АЛЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ КОНСЕРВАЦИЯЛАУ»
Кіріспе бөлім 1) ХСЖ-10 код(тар)ы:
Код Атауы Н16.0 Мүйізшаның жарасы Н17.0 Жабысқақ лейкома Н17.1 Көздің басқа орталық бұлыңғырлары H18.1 Буллезді кератопатия H18.2 Мүйізшаның басқа ісінулері H18.3 Мүйізша қабықшаларының өзгерістері H18.4 Мүйізшаның дегенерациясы H18.5 Мүйізшаның тұқым қуалайтын дистрофиялары H18.6 Кератоконус H18.7 Мүйізді қабықшаның басқа деформациялары H18.8 Мүйізшаның басқа нақтыланған аурулары
2) Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2024 жыл.
3) Хаттамада қолданылатын қысқартулар: ИФА – иммуноферменттік талдау ИХЛА – иммунохемилюминесценттік талдау ПТР - мүйізшаның трансплантациялануы көрсеткіші
кезең - көз алмасын алып шығу: қабақ кеңейткіш салынады және кішкентай иілген қайшымен мүйізша шетінде конъюнктиваның дөңгелек кесігі жасалады, болашақ протез үшін конъюнктиваны сақтай отырып. Конъюнктиваның кесігі паралимбальды қайық тәрізді пішінде орындалады, көз алмасында 3 және 9 сағатта конъюнктиваның шағын учаскелерін қалдырып, оны бөліп алады. Конъюнктиваны көз алмасынан мүмкіндігінше тереңірек бөліп алады. Конъюнктива мен склера арасында жабысулар немесе тыртықтар болған кезде оларды бұлшықет аралық кеңістіктерде және субконъюнктивальды түрде доғал немесе өткір жолмен бөледі. Қиғаш көзге арналған ілгекпен жоғарғы тік бұлшықеттің сіңірін ұстап, оны склерадан кеседі. Дәл осылай сыртқы және төменгі тік бұлшықеттердің сіңірлерін кеседі. Ішкі бұлшықеттің сіңірін соңғы болып кеседі, склерада осы сіңірдің 4-5 мм қалдырып. Сіңірді берік пинцетпен ұстап, пинцет көмегімен көз алмасын күшті түрде сыртқа бұрады. Бір мезгілде жараның тереңдігіне көз алмасының медиальды бетімен жабық күйде энуклеацияға арналған доғал ұшты қайшыны енгізеді. Қайшымен көру нервінің керілген байламын сезіп, көз алмасының артқы бетінен сәл шегініп (2-мм) нервті бір мезгілде кеседі. Содан кейін көз алмасы көз қуысынан шығарылады (егер қабақ кеңейткіш кедергі жасаса, оны алады). Қайшымен склераның өзінде, бұрын кесілмеген қиғаш бұлшықеттер мен арнайы байламдарды кеседі.
кезең – көз алмасын консервациялау: Алынған көз алмасын стерильді физиологиялық ерітіндімен жуады, мүйізшасы жоғары қарай болатындай етіп құрғақ стерильді контейнерге салады және қақпағын жабады – тікелей көшіру үшін, мүйізша банкіне беру үшін консервациялаушы ерітіндісі бар контейнерге салады.
Көз алмасы салынған контейнер (әр көз алмасы үшін жеке), донордың деректері, жасы, өлім уақыты және көз алмасын алып шығу уақыты көрсетіле отырып белгіленеді. Контейнер медициналық ұйымға немесе мүйізша банкіне беру уақытына дейін +2-ден + 4оС-қа дейінгі температурада тоңазытқышқа қойылады. Донорлық материалды тасымалдауды кератопластикамен айналысатын медициналық ұйым мамандары немесе мүйізша банкі мамандары жүргізеді (Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 «Донордан реципиентке органдарды (орган бөлігін) және (немесе) тіндерді (тін бөлігін) алып шығу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, трансплантациялау ережелері мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-307/2020 «Патологиялық анатомия және сот-медициналық сараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантациялау мақсатында мәйіттерден көру органдарын алып шығу және консервациялау ережелерін бекіту туралы» бұйрығы.
кезең – орбитальды имплантатты енгізу: Бұлшықет шұңқырының қуысын қабақ көтергіштермен ашады, дәке тампондарымен тампондайды. Бұлшықет шұңқырының қуысына донордың көзқарашығының түсіне сәйкес келетін орбитальды имплантат салынады. Донордың қабағына «П» – тәрізді немесе 2 түйінді тігістер салынады.
кезең – донордың көз алмаларының мүйізшасының жағдайын бағалау: донорлық материалды қабылдау кезінде офтальмолог немесе мүйізша банкі қызметкері терең интрастромальды бұлыңғырлықтардың, айқын Arcus senilis (Қарттық доғасының) болуына қарап жүргізеді. Қарап тексеру офтальмоскоп және/немесе қолмен биомикроскоп көмегімен екі кезеңде жүргізіледі:
Морфологиялық бағалау (мүйізшаның сақталуын және жарамдылығын бағалайды, морфологиялық ақауларды, туа біткен аномалияларды, өткен жарақаттардың, көз операцияларының, өлімнен кейінгі құрылымдық өзгерістердің іздерін алып тастайды); Морфологиялық скрининг үш балдық жүйе бойынша бағаланады, 2 және 3 балға сәйкес келетін материал жарамды деп саналады.
Тіндердің физиологиялық скринингі – өміршеңдікті және трансплантациялануды зерттеу үшін адреналинді сынаманы жүргізу.
Адреналинді сынаманы бағалау А дәрежесі – қарашықтың реакциясының басталуы 5 минуттан кейін, сынама донорлық материалдың өміршеңдігі критерийі бойынша күрт оң деп саналады (мүйізша жасушаларындағы өлімнен кейінгі АТФ жоғалуы, 31Р-ЯМР-спектрометрия деректері бойынша, бастапқы шамадан – шартты нормадан 0–55% құрайды). В дәрежесі – қарашықтың реакциясының басталуы 10 минуттан кейін, сынама донорлық материалдың өміршеңдігінің биоэнергетикалық критерийі бойынша оң деп саналады (мүйізша жасушаларындағы өлімнен кейінгі АТФ жоғалуы, 31Р-ЯМР-спектрометрия деректері бойынша, бастапқы шамадан 56–69% құрайды). С дәрежесі – қарашықтың адреналинге реакциясының басталуы 15 минуттан кейін байқалған, сынама күмәнді (шартты оң) деп саналады және донорлық материалдың өміршеңдігінің энергетикалық критерийі бойынша «С» дәрежесіне сәйкес келеді (мүйізша жасушаларындағы өлімнен кейінгі АТФ жоғалуы, 31Р-ЯМР-спектрометрия деректері бойынша, бастапқы шамадан 70–100% құрайды). 15 минуттан кейін реакция болмаған кезде, сынама теріс деп саналады және «0» («нөл») дәрежесіне сәйкес келеді, ал донорлық материал энергетикалық жеткіліксіз және өміршең емес деп бағаланады (мүйізша жасушаларындағы АТФ-тың қалдық квотасы іс жүзінде 0%-ға тең).
Мүйізқабықты трансплантациялауды (кератопластиканы) сәтті жүргізу үшін физиологиялық тұрғыдан жарамды донорлық материал «А» және «В», «С» дәрежелеріне сәйкес келеді деп саналады.
Өлік донорлық мүйізқабықтарды морфологиялық және физиологиялық тестілеуді аяқтағаннан кейін мүйізқабықтардың трансплантациялау көрсеткіші (МТК) анықталады және жұмыс жіктемесі негізінде толық және қабаттық кератопластикаға арналған адамның өлік мүйізқабықтары таңдалады. Мысалы: Донорлық материал МТК 3-А немесе 3-В.
Сәйкесінше іріктелген өлік тіндік материал клиникада кейінгі трансплантациялау үшін оны дайындаудың бірнеше технологиялық сатыларынан өтеді. Немесе утилизациялауға жатады.
кезең – утилизациялау актісі: офтальмологтың донорлық материалдың сапасының сәйкес еместігі туралы қорытындысынан кейін жүргізіледі. Патологоанатом утилизациялау актісін толтырады және офтальмологпен бірге қол қояды.
6) Медициналық араласудың тиімділік индикаторлары: алынған көз алмасының анатомиялық тұтастығы.
Минеева Л.А. Офтальмология для врача общей практики: учебно-методическое пособие/Минеева Л.И. и др. – Москва: ГЭОТАР-Медиа, 2018 – 200 с. 4. Егорова, Е. А. Офтальмология: учебник / под ред. Е. А. Егорова. - 2-е изд., перераб. и доп. - Москва : ГЭОТАР-Медиа, 2021. - 272 с. : ил. - 272 с. 5. Сидоренко, Е. И. Офтальмология: учебник / под ред. Сидоренко Е. И. - Москва : ГЭОТАР-Медиа, 2018. - 656 с. 6. Тахчиди, Х. П. Офтальмология: учебник / Тахчиди Х. П. , Ярцева Н. С., Гаврилова Н. А. , Деев Л. А. - Москва: ГЭОТАР-Медиа, 2011. 7. Методы исследования в офтальмологии: учебное пособие / А. Е. Апрелев, И. В. Астафьев, А. М. Исеркепова [и др.]. — Оренбург : ОрГМУ, 2020. — 172 с. 8. Аветисов, С. Э. Офтальмология: национальное руководство / под ред. С. Э. Аветисова, Е. А. Егорова, Л. К. Мошетовой, В. В. Нероева, Х. П. Тахчиди. - 2-е изд. , перераб. и доп. - Москва : ГЭОТАР-Медиа, 2022. - (Серия "Национальные руководства"). - 904 с. 9. Сидоренко, Е. И. Офтальмология. Руководство к практическим занятиям: учебное пособие / под ред. Е. И. Сидоренко - Москва : ГЭОТАР-Медиа, 2019. - 304 с 10. Азнурян И.Э., Баласанян В.О., Маркова Е.Ю. Диагностика и лечение содружественного сходящегося косоглазия/ И.Э. Азнурян, В.О. Баласанян, Е.Ю. МарковаМосква: ГЭОТАР-Медиа, 2020
Қосымша әдебиет: 11. Бикбов М.М., Усубов Э.Л., Зайнетдинов А.Ф. Кератопластика при кератоконусе: преимущества и недостатки. Российский офтальмологический журнал. 2021;14(4):130-136. 12. Носиров П. О. Современные технологии рефракционной экстракции лентикулы в коррекции миопии / Мушкова И.А., Костенев С.В., Майчук Н.В., Образцова М.Р., Носиров П.О., Малышев И.С. // Российский офтальмологический журнал. – 2022. – Т. 15. – № S2. – С. 98-103. 13. Интрастромальная трансплантация Десцеметовой мембраны при далеко зашедшем кератоконусе / О.Г. Оганесян, В.Р. Гетадарян, П.М. Ашикова [и др.] // Офтальмологические ведомости. - 2020. – Т. 13, №. 2. – C. 43-48. 14. Трансплантация Боуменового слоя при прогрессирующем кератоконусе / О.Г. Оганесян, В.Р. Гетадарян, П.В. Макаров, А.А Грдиканян // Российский офтальмологический журнал. – 2019. Том 12, № 4. – С. 43-50 15. Филиппова Е.О., Черняков А.С., Иванова Н.М. Применение полимерных материалов в лечении заболеваний роговицы // Вестник Авиценны. 2019. Т. 21, № 3. С. 496–501. DOI: 10.25005/2074-0581-2019- 21-3-496-501 16. Казайкин В.Н., Пономарев В.О. Программное обеспечение для автоматического расчёта индивидуальной дозы антибиотиков для интравитреального введения в лечении бактериального эндофтальмита на базе математического моделирования витреальной полости глазного яблока // Офтальмология. – 2019 17. Azevedo, M.O. Literature review and suggested protocol for prevention and treatment of corneal graft rejection / M.O.Azevedo , B.A.Shalaby , M.Zarei-Ghanavati, C.Liu // Eye (Lond). - 2020. - Vol.34. - 3. -P.442-450.
Clahsen, T. Role of Endogenous Regulators of Hem- And Lymphangiogenesis in Corneal Transplantation / T.Clahsen, C.Buttner, N.Hatami et al // J Clin Med. - 2020. Vol.9. - №2. - P.479-483. 19. Wang Y., Lei T., Wei L., Du S., Girani L., Deng S. Xenotransplantation in China: Present status // Xenotransplantation. 2019. №26(1). Р. e12490. DOI: 10.1111/xen.12490. 20. Liu, H. Effects of VEGF Inhibitor Conbercept on Corneal Neovascularization Following Penetrating Keratoplasty in Rabbit Model / H.Liu, X.R. Zhang, H.C. Xu. et al. // Clin Ophthalmol. - 2020. - Vol.31.- № 1 4. - P.2185-2193. 21. Гасанов Д.В., Рамазанова Х.И., Гасанова Н.А. Применение Бостонского кератопротеза тип I - 5 лет наблюдений // Oftalmologiya. 2018. № 1 (26). С. 54–61. 22. А.М. Кодунов, Ю.А. Сидорова и др. // Современные технологии в офтальмологии. - 2018. - № 3. - С. 227-229. 23. Armitage, W.J. High-risk Corneal Transplantation: Recent Developments and Future Possibilities / W.J.Armitage, C.Goodchild, M.D.Griffin et al.// Transplantation. - 2019. Vol. 103. -12. - P.2468-2478. 24. Филатова, И. А. Выбор метода удаления глаза (энуклеация/эвисцерация) на основании клинико-инструментальных данных / И. А. Филатова, И. М. Мохаммад, В. О. Денисюк // ХII Российский общенациональный офтальмологический форум. – Москва, 2020. – С. 520-522. 25. Халилова Т.А., Городничев К.И., Морозов А.М., Минакова Ю.Е., Протченко И.Г. О возможностях трансплантации роговицы (обзор литературы) // Вестник новых медицинских технологий. Электронное периодическое издание. 2020. № 6. - С.16-22. 26. Шамхалова, Х.М. Оценка иммунного статуса у пациентов с инфекционным поражением роговицы при кератопластике высокого риска / Х. М. Шамхалова, Н.В. Балацкая, И. Г. Куликова / Медицинская микология. - 2020. - Т. 22. - № 3. - С. 148. 27. Филатова, И. А. Результаты применения орбитального имплантата из политетрафторэтилена (ПТФЭ) при эвисцерации глазного яблока / И. А. Филатова, И. М. Мохаммад, В. О. Денисюк // Материалы ХI Российского общенационального офтальмологического форума. – Москва, 2018. – Т. 1. – С. 128-130.
Ақпарат тек таныстыру мақсатында берілген және офтальмолог кеңесін алмастырмайды.